Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды

178

0

Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы тағайындалдыҚала әкімінің 2017 жылғы 28 наурыздағы №389 өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы 29 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
Жоғары білімді: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған. 
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.
2008-2011 жж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде бас маман;
2011-2013 жж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман;
2013 жылдан осы кезге дейін, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз