Қалалық парк жұмысын бастады

38

0

Қалалық парк жұмысын бастады1 мамыр мерекесіне орай қалалық мәдени және демалыс паркі салтанатты түрде ашылды.
Парктің ашылу салтанатында  «Ұлт бірлігі – ұлы байлық!» атты театрландырылған қойылым және мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама аясында «Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» атты тақырыптық театрландырылған қойылым халықтар достығының би композициясымен бірге «Родина моя» әні әуенінде  барлық қатысушылардың орындауында мезансцена жасалды. Шара соңы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің және қала өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Мерекеде парктте 20-ға жуық аттракциондар қызылордалықтар мен қала қонақтарына қызмет көрсетуде. Биыл жаңадан 4 аттракцион іске қосылып, 6d кинотеатры, қорқыныш бөлмесі секілді жаңа нысандар пайдалануға берілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз