Қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен сот орындаушыларға арнайы кабинет ашылды

53

0

Қалалық прокуратурамен сот орындаушылардың өндірісіндегі әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқарушылық істердің орындалу тиімділігіне талдау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде жалпы сот орындаушылардың өндірісінде әкімшілік айыппұл бойынша 310 млн. теңгеден асатын 18 298 құжат орындауда болып, оның 98 млн. теңгеден асатын 5 764 құжат есепті мерзімде орындалып, оның орындалу тиімділігі 31,6 пайызды құраған.
Қазіргі таңда, қалған 211 млн. теңгеден асатын 12 534 құжат бойынша сот орындаушылармен орындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл әкімшілік айыппұлдардың басым бөлігі ішкі істер органдарымен салынған. Аталған айыппұлдардың орындауда сот орындаушылармен бірқатар жұмыстар атқарылғанымен, әкімшілік айыппұлдардың саны күннен күнге өсім алып келеді.
Осыған орай, қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру мақсатында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қалалық мамандандырылған бөлімінен (АВТОЦОН) және Әкімшілік полиция басқармасынан жеке сот орындаушылар кабинетінің ашылуына ықпал жасалды.
Атап айтқанда, осыған дейін борышкерлер өздеріне қатысты әкімшілік айыппұлды төлегендігі жөнінде түбіртекті сот орындаушыларға өткізу үшін барған уақытта олар орындарында болмай, оларды бірнеше уақыт күтіп, соңында әуре-сарсаңға түскесін түбіртекті Әкімшілік полиция басқармасына жеткізетін.
Алайда, сот орындаушыларға түбіртекті өткізбегеннен кейін, олардың «Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде» әкімшілік айыппұлды төлемеген болып көрінетін.
Бұдан басқа, әкімшілік айыппұлдан қарызы бар борышкерлерге «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қалалық мамандандырылған бөлімі қаланың шеткі аумағында орналасқандықтан автокөлік құжаттарын рәсімдеу барысында айыппұлды төлегендігі жөнінде түбіртекті сот орындаушыларға ұсыну үшін қала орталығына барып, оған мөр бастырып, қайта бөліміне келу үшін уақыт жоғалтады.
Бұл орайда, борышкерлерді әуре-сарсаңға түсірмей, оларға атқарушылық істерді мерзімінде, оңай әрі тез орындауына қол жетімді болуы үшін қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қалалық мамандандырылған бөлімінен (АВТОЦОН) және Әкімшілік полиция басқармасынан сот орындаушыларға үшін кабинет ашылды.
Енді борышкерлерге әкімшілік айыппұлдарды оңай әрі тез орындаулары  үшін оңтайлы жолдар қарастырылды.

Руслан Алатаев. Қызылорда қаласының прокуратурасының бөлім аға прокуроры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз