Қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

161

0

Қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалдыҚызылорда облысы әкімінің 2017 жылдың 4 сәуіріндегі №526 өкіміне сәйкес, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы болып, Құдайбергенов Ермекбай Қасқырбайұлы тағайындалды.
Ермекбай Қасқырбайұлы, 1983 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2004 жылы Алматы Құқық және нарық академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 2006 жылы полиция батальонының полицейінен бастаған;
2007-2010 жылдары Қалалық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, учаскелік полиция инспекторы;
2010-2016 жылдары қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы, әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы, бөлім бастығы;
2016 жылы қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары;
2016 жылдан бері қалалық ішкі істер басқармасы, Тасбөгет кенті бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз