Қаламгердің мерейтойы аталып өтті

39

0

Қаламгердің мерейтойы аталып өттіҚазалы. Ауданда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  жазушы-публицист Әлмәмбет Әлішевтің 75 жылдық мерейтойы өтті. Кештің мазмұнын аша түсу үшін мерейтой кейіпкерінің өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы дайындаған көрме халық назарына ұсынылды.
Әлмәмбет Әлішев – қазақ әдебиеті тарихына ХХ ғасырдың 60-шы жылдары көркем шығармаларымен қосылып, оқырмандар ыстық ықыласпен қабылдаған танымал жазушы. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары және қазіргі ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті дамуының шығармашылық кезеңдерінде өзінің әңгімелерімен, повестерімен,романдарымен сөз өнерінің эстетикалық тағылымын оқырмандарына таныта білді. Оның «Үрмәш Түктібаев», «Батыр болып тумайды», «Ат тұяғын тай басар» повестері мен «Бәйтеректің бұтағы», «Иірім» романдары және «Ой орамдары» әдеби-философиялық толғаулары, эсселері қазіргі қазақ әдебиеті дамуындағы елеулі туындылардың бірі. Ол жазушылықпен қатар журналистикамен де айналысып келеді. Жасұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге айрықша мән берген жазушы.
Кешті «Орамды ой, көркем тілдің майталманы» атты әдеби жиынды белгілі айтыскер ақын Серік Ыдырысов ашып, жүргізіп отырды. Мерейтой иесі жайлы белгілі әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Берік Жүсіпіов баяндама жасады. Облыс әкімінің өкілі, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ержан Уәйіс облыс әкімінің құрмет граммотасын табыстады. Құттықтаулар мен сый-сияпат тапсыру үшін Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақытжан Жарылқап, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов, ҚР Жазушылар Одағының хатшысы Бақыт Сарыбалаев, облыстық Жазушылар Одағы филиалының төрайымы, ақын Қаршыға Есімсейтова, Қазалы ауданының мәслихат хатшысы Т. Бөріқұлақовтар сөз алды. Облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Тілеп сөз сөйлеп аудан азаматтары атынан сыйға темір тұлпар табыстады. «Сондай-ақ өздері келе алмаса да Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Шығыс Қазастан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының индустрия және инновация басқармасының басшысы Мұрат Имандосов, Шиелі ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Жалағаш ауданының әкімі Серік Сермағамбетов мерекелік лебіздерін білдіріп, құттықтау хаттарын жолдады» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз