«АЛАШ АРЛАНДАРЫНЫҢ» АРЫНЫ

64

0

«АЛАШ АРЛАНДАРЫНЫҢ» АРЫНЫҚызылордалық «Алаш арландары» клубы Таразда өткен ҚР қазақ күресі
федерациясының кубогы жолындағы бәсекеде күміс жүлде еншіледі.
    Біздің палуандар алғашқы белдесуде Жамбыл облысының спортшыларынан
басым түссе, жартылай финалдық кездесуде Алматы қаласының палуандарын
таза жеңіспен ұтты. Ал финалда Семей жігіттерінен ұтылды.
    Команданың күміс жүлде алуына Бауыржан Райсов (55 келі), Дархан
Сержанов (60 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалымжан Әбдірахманов
(74 келі), Жайдарбай Есенов (82 келі), Мақсат Исағабылов (90 келі),
Айбек Серікбаев және Нұрым Сәлімгереев (екеуі де 100 келі), Еламан
Ерғалиев және  және Руслан Әбдіразақов (екеуі де +100 келі) сынды
спортшылар үлес қосты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз