Алғаш болып дауыс берген ҰОС ардагері батасын берді

62

0

Алғаш болып дауыс берген ҰОС ардагері батасын бердіБүгін 26 сәуірде сағат 07.00-де Қызылорда облысы бойынша барлық сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Облыс бойынша барлығы 345 сайлау учаскесі, 396 465 сайлаушылар бар. Бүгінгі күні 3 мыңнан астам байқаушылар тіркелген, олардың ішінде азаматтық қоғам өкілдері – үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері және 16 шетелдік байқаушылар бар.

№3 гимназия мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиев алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Түрлі лауазымды партиялық қызметтер атқарған, тоқсаннан асқан қарт майдангер: «Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады. Бүгінгідей ел еңсесін тіктеген шақта ауызбірлігіміз мықты болуы тиіс. Біз сонда ғана алмағайып шақтардан аман өтетін боламыз», – деді.

Қарт жауынгер сондай-ақ сайлауға келушілер мен ондағы комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Жалпы, қызылордалықтардың сайлауға деген белсенділігі жоғары деңгейде көрініс беруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз