АЛАШОРДА МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ

130

0

Биыл Алашорда автономиясының құрылғанына 100 жыл. Алашорда республикасы советтік билікке жұтылып кетпегенде биыл атаулы мерейтойды тойлаған  болар едік. Алаш автономиясы 1917 жылы Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған. Партияның алға қойған мақсаттарының көбі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Облыстық филармония ұжымының ұйымдастыруымен «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі және дәстүрлі орындаушылардың қатысуымен «Алаш атқа қонғалы, Алаша хан болғалы» атты тақырыпта қойылым-концерт болып өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында өткен шараның шымылдырығы Әділхан Қуаңбаевтың орындауындағы «Арнау» жырымен  ашылды.

Мұнан кейін ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттап жүрген «Ақмешіт» флоьклорлық ансамбль өнерпаздары «Көрұғлы», «Боз тайлақ», «Қоңыр», «Бабалар мекені – Алтай», «Ташауыз», «Қара жорға» және «Тентек Ақжелеңді» нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.  Сонымен бірге Бақдәулет Қарғабаев, «Тұран» триосы,  Мұхамедәлі Бекпейісов,  Бисенбек Төлеубаев секілді жезтаңдай әншілер әннен шашу шашты.

Қойылым-концерт соңы «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің орындауындағы М.Сыдықовтың «Мұраттың төкпесімен» қорытындыланды.

Сара АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз