Алаяқ 100 мың АҚШ долларын алдап алған

67

0

Сотталушы Т.Б., 2013 жылдың қаңтар айының алғашқы күндері танысы К.Ж. өзінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін сатқанын естиді. Т.Б. бірнеше рет К.Ж. оның үйінде кездесіп, оған жолдасы К.А. жеке кәсіпкерінің атынан «Комбайн және «Беларусь» тракторларына қосалқы бөлшектерін Қытай елінен әкеліп жүргенін жеткізеді.
Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ол өзінің Қытай елінен 35 000 АҚШ долларына Камаз жүк көлігін әкеліп бере алатынын жалған айтып алдап, қиянат жасау арқылы сеніміне кірген.
Содан соң, Т.Б. 2013 жылдың 18-қаңтар күні жәбірленуші К.Ж. үйіне барып, одан оның ұлы, қызы және туысы көздерінше Қытай елінен жүк көлігін 2013 жылдың наурызына дейін әкеліп беремін деп алдап, сеніміне кіріп, соңғының 35 000 АҚШ долларын және қарызға деген желеумен иемдену мақсатында 65 000 АҚШ долларын алдап алып, болашақта болуы мүмкін қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында өзінің алаяқтық іс әрекетін қолхат жазып беру арқылы рәсімдеп, жәбірленуші К.Ж. 100 000 АҚШ долларын иемденіп, ол ақшаны өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген.
Сөйтіп, сотталушы Т.Б., бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтықпен иемденіп, ҚР ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағында қаралған қылмысты жасаған.
Сотталушы Т.Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіленіп сот залынан дереу қамауға алынды.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз