Алаяқтық қылмыстар алаңдаушылық туғызып отыр

57

0

Алаяқтық қылмыстар алаңдаушылық туғызып отырЖуырда Қызылорда қаласының № 2 сотында баспасөз өкілдерінің  қатысуымен  брифинг өткізілді.
Онда қоғамда кеңінен белең алып, алаңдаушылық тудырған  алаяқтық қылмыстар бойынша талқыланды. Атап айтқанда, Сотталушы Г. бөтен мүлікті  сенімге қиянат жасау арқылы, бірнеше рет ірі мөлшерде алдап алып ұрлап, ауыр санаттағы алаяқтық жасаған. Яғни, жәбірленуші Н.-ға банкте кепілде тұрған үйлерден   арзандатып ипотека арқылы  үй алып беретін  танысым бар деп, жалған мәлімет беріп, үй алу үшін деген желеумен  500000 тенгесін алған. 
Сондан соң, жәбірленуші Г.-мен кездесіп банкте кепілде тұрған үйді арзан бағамен алып беретін таныстарым бар, деп жалған мәлімет беріп, бастапқы ақшасын төлеп, қалғанын бөліп бересін деп  500000 тенгесін  алдап алған.
Сол сияқтя жәбірленуші Ф.-ны да  үй алып берем деп  1500 000 тенгесін сенімге қиянат жасау арқылы, бөтен мүлікті  бірнеше рет, ірі мөлшерде алдап алып, алаяқтық жасаған.
«Сөйтіп, Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен сотталған  Г. ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, 4 (төрт) жыл 8 (сегіз) айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазасын түзеу колониясының  жалпы  режимінде  өтеуге белгіленген ҚР ҚК-нің 13 бабының 2 бөлігінің «б» тармағына сәйкес, қылмыстың қауіпті  қайталануы  деп танылған» деп хабарлайды Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.  Үкім заңды күшіне енбеген. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз