Алдағы демалыс күндері елімізде күн жылынады

58

0

Алдағы демалыс күндері елімізде күн жылынады«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндері – 8-10 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Антициклон шығыс бағытта жылжи отырып республикамыздың көптеген облыстарында аз бұлтты, жаңбырсыз ауа-райын сақтайды деп болжануда. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы батыс облыстарында күн райының жылынуына алып келді. Демалыс күндері күн райының жылынуы қалған аймақтарда күтілуде, сондықтан ауа температурасы  қалыпты нормадан 3-7ºС жоғары болады деп күтілуде. Бірақ, сәуірде ауа-райы құбылмалы болғандықтан, демалыс күні еліміздің батыс аймақтарында Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде», делінген хабарламада.
8 сәуірде күн ашық, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Жел оңтүстік батыстан 2-7 м/с. Түнде температура -4-6°С, күндіз +6+8°С. 9 сәуірде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік батыстан 5-10 м/с. Түнде температура -3-5°С, күндіз +9+11°С. 10 сәуірде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде температура 0,-2°С, күндіз +11+13°С болады деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз