Александр Зайчиков Қызылорда облыстық ҚХА мүшелерімен кездесті

51

0

Александр Зайчиков Қызылорда облыстық ҚХА мүшелерімен кездестіКеше Достық үйінде Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXXI жазғы
Олимпиаданың ауыр атлетикадан қола жүлдегері Александр Зайчиков
Қызылорда облыстық ҚХА мүшелерімен кездесті.
    Қызылорда облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Л.Төрешова олимпиада
жүлдегерін жеңісімен құттықтап, бұл жеңіс еліміз үшін зор маңызы бар
екенін және Қазақстан қоржынын тағы бір медальмен толықтырып, халқына
қуаныш сыйлағанын айтып, Токиода өтетін келесі олимпиадада алтыннан алқа
тағып, ел мерейін өсіретініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
    Ел мақтанышына айналған А.Зайчиков өзіне қолдау білдірген барша Сыр
жұртшылығына алғысын білдіріп, олимпиададағы әсерлерімен бөлісті.
Облыстық ассамблеяның және Аналар кеңесінің мүшелері Сырдың саңлақ
ұланына ақ тілектерін жеткізді.
    Шара соңында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова
қасиетті Қобызды сыйға тарта отырып, Қорқыт баба әрдайым өзіңді қолдап
жүрсін деген ыстық лебізін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз