Алимент төлемеген борышкер жауапқа тартылды

36

0

Алимент төлемеген борышкер жауапқа тартылдыӨндіріп алушы М.Алдабергенованың борышкер М.Танбаевтан алимент өндіру туралы Шиелі аудандық прокуратураға жазған арызы негізінде тексеру жүргізілді. Осы шараның барысында борышкер алимент төлеуге міндетті бола тұра 15.04.2013 жылдан бастап алиментті төлемей келген. Борышкер «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-нің жылу, сумен жабдықтау және канализация учаскесінің мастері болып жасайтындығы анықталды.
Аталған мекемеде борышкер 15.04.2013-30.04.2014 жыл аралығында нақты қолына 989 871 теңге жалақы алып, өндіріп алушы М.Алдабергенованың пайдасына ¼ мөлшерінде алимент төлемей сот шешімінің талаптарын орындаудан жалтарған.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы» Кодексінің 138-бабына сәйкес, ата–аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп бағуға міндетті және  кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды деп көрсетілген. Яғни, осы уақытқа дейін сот шешімінің талаптарын орындаудан жалтарған борышкер М.Танбаевтың іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 524-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалуына байланысты аудандық прокуратурамен әкімшілік іс қозғау туралы қаулы қабылданып, қарау үшін сотқа жолданып, нәтижесімен борышкер М.Танбаевқа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аяғни, 18 520 теңге айыппұл салынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз