Қалмақтар Шай күнін мерекелейді

93

0

 Қалмақтар Шай күнін мерекелейдіҚазАқпарат – Мамырдың үшінші сенбісінде Қалмақ елінің
тұрғындары Хальмг Цяягин няр – Шай күнін мерекелейді. Жыл сайын атап
өтілетін бұл мереке 2011 жылдан бері ұлттық мәдениетті сақтап,
жандандыру мақсатында атап өтіледі.

Қалмақ шайы – бірінші берілетін асқа ұқсайтын ерекше сусын. Оны дұрыс демдеп, ұсыну – үлкен өнер, – деп хабарлайды Росбалт.

Қалмақтар жақсы демделген шайға аямай тұз салып,
оған сүт және сары майда ұнтақталған жұпар жаңғақты қосады, содан кейін
осының барлығын жақсылап араластырады. Араластыру кезінде қимылды сол
жақтан оң жаққа қарай жасау керек.

Қалмақтардың дәстүрлі шай рәсімінің де өзіндік
ережелері бар. Мысалы, қонақтарды күткен кезде шайды олардың көз алдында
демдейді, өйткені шақырылған қонақтарға бұрын демделген шай ұсыну
құрметсіздік белгісі деп есептеледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз