Алматыда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

57

0

Алматыда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтедіАлматыда 18-19 наурыз күндері қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел біріншілігі Алматыдағы «Халық Арена» спорт сарайының кіші аренасында өтпек. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 200-ден астам балуан қатысады. Қатысушылар сапында белгілі балуандар да аз емес.
Соның ішінде үш дүркін «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов және тағы басқа білекті балуандар бар. Қазақстан чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.
Қазақстан чемпионатының бағдарламасы:
18 наурыз
10:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері
12:00 Жарыстың салатанатты ашылу рәсімі
16:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша ФИНАЛ
19 наурыз
10:00 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг және түйе балуан дәрежесінде ФИНАЛ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз