Алматыда Батырхан Шүкеновтің көпшілікке белгісіз әнінің тұсауы кесіледі

53

0

Алматыда Батырхан Шүкеновтің көпшілікке белгісіз әнінің тұсауы кесіледіАлматыда өтетін концертте Батырхан Шүкеновтің көзі тірісінде аяқтай алмай кеткен әні тұғыш рет шырқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Махаббатың үшін рахмет» атты концерттік бағдарлама Батырханды еске алуға және оның 55 жылдық мерейтойын атап өтуге арналады. Концертке Батырдың өнер жолында бірге жұмыс істеген достары, музыканттар келмек. Кештің шарықтау шегінде сахнада Батырдың өз дауысы естіледі. Оның бұрын-соңды ешкім естімеген жаңа әні осы кеште шырқалады», – деп айтты «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.
«Батыр Далер Назаровтың альбомымен өзі жеке жұмыс істеді және Валерий Меладзенің бірқатар әндерінің жазылуына қатысты. Әлемнің түпкір-түпкірінен – Франция мен АҚШ-тан жиналған джаз-рок бағытындағы топ болады. Баршаңыз білетіндей, Батырхан Шүкенов тек әнші емес, сондай-ақ саксофоншы ретінде бірнеше рет джем-сейшнде өнер көрсеткен. Өкінішке орай, осы концертке «А\’Студио» тобы келе алмайтын болды», – деді О. Байқанов.
Қоғамдық қор басшысының сөзіне қарағанда, концерт билеттері сатылымдарынан түскен қаржыға «Махаббатың үшін рахмет» атты жаңа альбом шығарылмақшы. Әннің авторларымен келісім жасалған. Оның тұсаукесері күзге жоспарланған. Батырхан Шүкеновтың мерейтойына арналған «Махаббатың үшін рахмет» концертінің режиссері – Әлішер Сүлейменов. Еске алу кешін Сағнай Абдуллин мен Жанар Дұғалова жүргізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз