Алматылық профессор дәріс берді

54

0

Алматылық профессор дәріс бердіҚармақшы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің іс-шара жоспарына сәйкес медицина қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру мақсатында Алматы қаласындағы С.Аспандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің «Дипломнан кейінгі терапия бағытындағы білім жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Ғабдуәлиқызы Беделбаева жуырда ауданымызға жұмыс сапармен келді. 
Ол аудандық орталық ауруханада медицина қызметкерлеріне медициналық аурулар түрлері бойынша, оның ішінде жүрек ауруларын емдеу, жедел жүрек ауруларын анықтау, тасымалдау, алғашқы көмек көрсету және ауруханалық емдеу тәсілдері бойынша дәрістер берді.
«Сонымен қатар, ол кісі Көмекбаев ауылдық округіндегі ауылдық ауруханада ем алушыларға практикалық медициналық көмек көрсетті. Ауыр науқастардың еміне қосымша емдеу тәсілдерін жүргізуге кеңес берсе, аудандық ауруханада бір топ науқастарды қабылдап, оларға жасалып жатқан медициналық тексеру, бақылау және емдеу жұмыстарына қосымша бағыттар жүргізіп, кеңестер берді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз