Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналды

84

0

Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналдыКеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, драматург, аудармашы Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған «Қалағаңның қалжыңдары- халық мұрасы» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кеш барысында жазушының өмір жолы мен «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Бөлтірік бөрік астында» атты комедияларына шолу жасалып, жастар жазушы шығармасынан көріністер қойды. Қ.Мұхамеджановтың шығармаларын зерттеп-зерделеп жүрген Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қ.Құдайбергенов естеліктер айтты. Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің кітапханашысы Л.Рабаева Қалтай Мұхамеджанов туралы оқыған кітаптарынан қызықты үзінділер оқыды. Колледж студенттері арнау өлеңдерін оқыды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз