«АЛТЕЛ LTE» желісін Қызылордада іске қосты

59

0

«АЛТЕЛ LTE» желісін Қызылордада іске қосты«Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы – АЛТЕЛ, 1994 жылдан бастап ҚР аумағында ұялы  байланыс қызметтерін ұсынады, бүгінгі күні Қызылорда қаласында төртінші буындағы деректерді тарату желісін коммерциялық пайдалануға іске қосу арқылы қамту аумағын кеңітіп отыр. «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша,  АЛТЕЛ-дің жаңа ұтқыр желісі Интернет желісіне  ұтқыр қатынауды жылдамдығы 100 Мбит/секундқа дейін  пайдалану мүмкіндігін ұсынады, ол алдыңғы байланыс буыны желісінен 5-7 есе жылдамырақ. Осы жылдың  күзінде Қызылорда қаласында GSM/UMTS желісін іске қосу жоспарланып отыр.
«АЛТЕЛ» АҚ  Бас Коммерциялық директоры Ирина Савинаның айтуынша, компанияда  клиентке жекеше көзқараспен қарау жолға қойылған. «Біздің Қызылорда қаласы Абай  көш.  50 мекенжайы бойынша орналасқан АЛТЕЛ-дің  Сату және қызмет көрсету орталығында, JET абоненттері өз құрылғыларын теңдесі жоқ шарттарда 4G  ұқсас құрылғысына айырбастай алады. Жаңа абоненттерге біз әртүрлі акциялар мен LTE жабдығын сатып алуға және  деректерді тарату бойынша тарифтік жоспарларға қосылуға жеңілдіктер ұсынамыз.  Осылайша,  мысалы барлығы  4 900 теңге мөлшерінде 4G USB-модемді сатып алуға және сыйлыққа  99 Gb интернет-трафикті  алуға болады», – деп атап өтті ол.
LTE желісінде ақпаратты тарату жылдамдығын едәуір арттырудың арқасында, АЛТЕЛ абоненттеріне жаңа мультимедиялық сервистер қол жетімді болды, оның ішінде  жоғары сапалы көрсету жаңа бейне- және музыкалды контент, көп пайдаланушы ойындар, мониторинг жүйелері, бейнеконференциялар, интерактивті онлайн-қосымшалар және  басқалары.
Қазақстанда LTE  желісі  2012 жылы 25 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  тапсырмасын  орындау және кең жолақты деректерді таратуды стратегиялық дамыту бағдарламасын  орындау аясында  Астана және Алматы қалаларында  1800 МГцв  жиілік диапазонында  іске қосылған. 2013 жылғы  желтоқсан айында желі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелен, Өскемен, Щучинск, Шымкент, Талғарда  пайда болды. 2014 жылғы 15 мамырда АЛТЕЛ Қазақстанда алғашқы болып Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскеменде 4G/3G/2G мультитехнологиялық желісін іске қосты. Жақын арада Республиканың басқа қалаларында инновациялық желіні іске қосу жоспарланып отыр.
LTE  желісі  әлемнің 100 астам елінде іске қосылған, әлемде  LTE  пайдаланушыларының жалпы саны  135 млн. жуық, оның негізгі үлесі  АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз