«Алтын белбеудің» ақтық сайысы басталады

51

0

«Алтын белбеудің» ақтық сайысы басталадыҚызылорда. Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық жарысы басталады. Бұл шара биыл қазақтың тұғырлы тұлғасы Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналмақ. 
Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылатын спорттық бәсекеге Қызылорда, Байқоңыр  қалалары мен аудандардан 252 спортшы  сынға түседі. Жарысқа әр ауданнан 28 спортшы қатысады. Дүбірлі дода қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінген. Алдымен 1999-2000 жылғы кіші жасөспірімдер арасындағы белдесулер 9 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Онан соң 1997-98 жылғы жасөспірімдер бәсекесі 7 салмақ,  1995-96 жылғы жастар  мен ересектер арасындағы белдесулер 6 салмақ дәрежесі бойынша өтетін болады. Жарыста  «Түйе палуан»  атанған  спортшы «Сыр Барысы»  атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады. Бұл сыннан іріктеліп шыққан екі палуан 29 маусымда Астана қаласында болатын «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.  Облыстық жарыстың салтанатты ашылуы 27 сәуір күні сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде өткізіледі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз