«Алтын күз-2015» облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті

58

0

«Алтын күз-2015» облыстық спартакиадасы өз мәресіне жеттіШиелі ауданында өткізіліп жатқан «Алтын күз-2015» облыстық спартакиадасы
аясында ұлттық көкпар, теңге салу, аударыспақ ойындарынан сайыс өз
мәресіне жетті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
    Аталмыш ойындарға өңіріміздің 7 ауданынан 100-ге жуық спотшылар
қатысты. Нәтижесінде көкпардан І-орынды Жаңақорған ауданының
шабандоздары иеленсе, ІІ-орынға Шиелі , ІІІ-орынға Қармақшы ауданы табан
тіреді.
    Сонымен қатар теңге салудан І-орынды Сырдария, ІІ-орынды
Жаңақорған, ІІІ-орынды Шиелі ауданы иеленді. Ал, аударыспақ ойынынан
Жаңақорған ауданы көш бастады. сСырдариялықтардың күші Шиелі ауданының
спортшыларынан басым түсіп, ІІ-орынды иеленді. Ал Шиелі ауданының
спортшыларына ІІІ-орын бұйырды.
    Жеңімпаз командаларға алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз