«Алтын сапа» сыйлығы үшін байқау жарияланғанды

53

0

«Алтын сапа» сыйлығы үшін байқау жарияланғанды«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы үшін байқаудың жарияланғандығын хабарлайды.
    Биылғы жылы үш номинация бойынша үздіктер анықталатын болады:
     – «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;
    – «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;
    – «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын».
    ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы – бұл халыққа қалтқысыз
қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижелерге қол жеткізгені және
мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін берілетін сыйлық.
    Әр номинация бойынша келесі:
    1.шағын кәсіпкерлік субъектісі;
    2.орта кәсіпкерлік субъектісі;
    3.ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша үш сыйлық беріледі.
    Сыйлық иегерлері атанғысы келетіндер байқау ұйымдастырушыларына 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінімдер тапсыра алады.
    Сондай-ақ, осы жылдан бастап Кәсіпкерлер палатасы республикалық
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын да
ұйымдастыруда. Конкурс үш номинация бойынша жүргізіледі:
    1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
    2) «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
    3) «Үздік азық-түлік тауарлары».
    Конкурсқа:
    1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік
тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді
жүзеге асыратын;
    2) өнім сапасының орнықты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде
жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң
нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола
алады.
    Жеңімпаздар «Қазақстанның үздік тауары» сыйына және әр санат
бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталатын болады.
    Өтінімдер 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz электронды мекен-жайы бойынша қабылданады.
    Туындаған сұрақтар бойынша Қызылордада облыстық кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады
    8 /7242/ 40-08-74 (Жауапты маман: Жанна Скакова)
    www.altynsapa.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз