Алтынбек Жүнісов – халықаралық турнир жеңімпазы

100

0

Ақтау қаласында кикбоксингтен өткен Қазақстан – Әзірбайжан арасындағы халықаралық турнирде ел құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасында К-1 жүйесі бойынша 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенжерлесіміз Алтынбек Жүнісов  турнир жеңімпазы атанды. Айтулы жарысқа Астана, Алматы, Қызылорда, Семей қалаларының кикбоксшылары қатысты.

Жеңімпаздың бапкері Берік Ахметовтің айтуы бойынша Алтынбек үстіміздегі жылғы 16 қазан – 1 қараша аралығында Семейде өтетін оқу-жаттығу жиынына, 2-12 қараша аралығында  Будапештте (Венгрия) болатын Әлем чемпионатына қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз