Алтыншы алтын

51

0

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов Қазақстан қоржынына алтыншы «алтынды» салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Ол финалда кубалық балуан Тарлос Исраилмен белдесті. Қос балуан алғашқы минуттарда бір-бірін аңдып, күресті сылбыр бастаған болатын. Алайда, өз елінде жеңісті қолдан бермеуге тырысқан отандасымыз соңғы минуттарда бар күш-жігерін салып, ұпай санымен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз ел қоржынына алтыншы алтын жүлдені сыйлады. Бұл екінші жарыс күнінде жеңіп алған үшінші алтын медаль.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз