Альварестің әлсіздігі неде? Сарапшының Головкинге кеңесі

45

0

boxingnewsresults.com сайтының журналисі Рич Чини Сауль Альвареспен кездесуде Головкиннің қандай тактика ұстанғаны жөн екенін айтты. Бұл туралы sports.kz сілтеме жасап БАҚ.КЗ хабарлайды.
«Головкин мұның алдында өз бапкері Абель Санчестің алдағы жекпе-жекке дайындық турасында жаңа идеялары бар екенін айтқан болатын. Сарапшы олардың қандай болуы мүмкін екені туралы жорамал жасайды.
«Канелоны» үздіксіз соққы астына алып, нокаутқа жіберуге тырысу.
Қашықтан джебпен жұмыс істеп, Альварестің қолының қысқалығын, оның қашықтан соққы жасай алмайтынын пайдалану.
Жоғары темпте жұмыс істеу, сөйтіп «Канелоның» аса ұзаққа «шаба алмайтынын» пайдалану. Оның арқанға сүйеніп демалуына мүмкіндік бермеу.
Мексикандықтың сол контрхукынан сақтану, сосын оны қарын тұсынан ұру. Бұл – оның ең әлсіз тұсы.
Бастан емес, көбіне денеден ұру. Альварестің басы дуал сияқты. Оны бастан соғып діңкелету мүмкін емес. Бірақ денесінен ұрып құлатуға болады. Остин Траут пен Флойд Мейвезер «Канелоны» денесінен ұру арқылы зиян келтірген-ді.
Альварестің жақын қашықтан «тұншықтыруына» жол бермеу. Келл Брук пен Дэниел Джейкобс «байлап» алған кезде GGG-дің күші жоққа шыққан сияқты болды. Өйткені, ондай кезде Головкин өзінің мықты соққыларын жұмсай алмай қалды. Соққылары жойқын болуы үшін Головкин орта қашықтықта жүруі керек. Егер Сауль он екі раунд бойы жақын қашықтықта бокстасуды шешсе, бұл оның алыс қашықта өзіне сенбейтінін, тек әйтеуір қайтсе жеңуді ойлайтынын білдіреді», – деп түйеді спорт журналисі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз