«Алғыр ойдың» ізгілікті істері

45

0

«Алғыр ойдың» ізгілікті істері Сырдария. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау. Бүгінде ауданда осы мақсатта «Алғыр ой» атты қор өз жұмысын жүргізіп келеді. 
Қордың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді интелектуалды ойындарды үйретіп, бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Ауданымызда 14-29 жас аралығында 231 мүмкіндігі шектеулі бала болса, олардың 100-ге жуығы қазір қор жанынан ашылған арнайы үйірмелерде жаттығу үстінде. Негізі үйірмелер шахмат, дойбы және тоғызқұмалық сияқты спорт түрлерінен өткізілуде. Аталмыш қор биылғы жылы аудандық ішкі саясат бөлімі өткізген әлеуметтік жобалардың конкурсына қатысып, аудандық бюджеттен 982,0 мың теңге қаралған жобаны ұтып алды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаны іске асыру мақсатында «Алғыр ой» қоры жақында кент мәдениет үйінде шахматтан мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудан біріншілігін өткізді. Жалпы қор ай сайын осындай сайыстар өткізіп, қорытындысымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық спартакиада өткізуді жоспарлап отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз