Қалжан ахун ауылында балабақша ашылды

136

0

Қалжан ахун ауылында балабақша ашылдыҚалжан ахун ауылында балабақша ашылды.
Жаңа оқу жылы басталғанда Сырдария ауданы, Қалжан
ахун ауылындағы жергілікті бюджеттен қайта жаңғыртылған «Гүлдер»
балабақшасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады аудан әкімінің
баспасөз қызметі.
Ескі әкімшілік 60 орындық бөбекжайға қайта
жаңғыртылған ғимараттың ашылуында аудандық мәслихат хатшысы Б.Маншарипов
құттықтау сөз сөйледі.
– Аймақ басшысының қолдауымен әрбір елді-мекенде
білім ошақтары мен мектепке дейінгі білім орталықтары бой көтеруде. Осы
орайда, бүгін барша ауыл тұрғындары үшін қуанышты күн. Өйткені,
ауылдағы бүлдіршіндер үшін балабақша есігін айқара ашты. Бұрын
шаруашылық ғимараты, одан кейін ауылдық әкімшілік болған нысан 131,958
млн.теңгеге қайта жаңғыртылып, «Гүлдер» балабақшасына айналды. Осы
қуаныштарыңыз құтты болсын, – деген аудандық мәслихат хатшысы құрылыс
жұмыстарын жүргізген бас мердігер «Энергия ҚК» ЖШС-не аудан әкімдігі
және ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз