«АЛЖИР» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМІ БАСТАЛАДЫ

68

0

7 мамырдан бастап, еліміздің бес қаласында (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды) «Қазақстан» телерадиокорпорациясының  тапсырысымен түсірілген «АЛЖИР» көркем фильмінің премьералық көрсетілімі басталады. Туындыда «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады.
Фильмнің бас кейіпкерлерінің бірі,  Света есімді бойжеткен әжесінің соңғы аманатын орындау үшін, Ресейден Астанаға аттанады. Оның қолында, әжесінің осы лагерьде басынан  өткізген оқиғалары жайлы жазылған ескі күнделігі сақталған. Светаның  мақсаты – қылышынан қан тамған сұрапыл «қызыл террор» жылдары анасы мен әжесін аштық пен ажалдан, қиын жағдайда қарамастан, қорықпай аман алып қалған, Әлихан есімді қазақ жауынгерін іздеп табу. Ол кісі бүгінгі күні жасы тоқсаннан асқан ауыл ақсақалы. Света мен қарт Әлихан бүкіл фильм бойы азапта өткен сонау сұрапыл жылдарды еске алып, қайтадан сол кездерге оралғандай болады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының  80 жылдығына орай түсірілген фильмнің қоюшы-режиссері Әнуар Райбаев, рөлдерді сомдаған Қобыланды Болат, Алтынай Нөгербек, Анна Старченко және тағы басқалар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз