Аманкелді ауылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 100 пайыз ауызсумен қамтылды

92

0

Аманкелді ауылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 100 пайыз ауызсумен қамтылдыӨткен жылы облыс орталығына жақын орналасқан Сырдария ауданына қарасты
Аманкелді ауылында тегеурінді тірліктер атқарылды. Алдымен,
аманкелділіктердің талай жылғы арманы болған ауыз су мәселесі шешімін
тапты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақбұлақ»
мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдың ауыз су жүйесін қайта жаңғырту
жұмыстары екі кезеңмен жүзеге асырылды. Осы арқылы ауылдың ауыз су
проблемасы толығымен шешіліп, тұрғындар 100 пайыз таза ауыз сумен
қамтылды.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп,
ауылдағы мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті. «Өңірлерді
дамыту» бағдарламасы аясында Қ.Баймағанбетов көшесі бойына балалар ойын
алаңы орнатылды. «Ақниет» бағдарламасы бойынша өткен жылы 1 жоба
жеңімпаз атанып, «Қымызхана» жобасы жұмысын бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз