«Қамбаш» лагері жұмысын бастады

60

0

«Қамбаш» лагері жұмысын бастадыБалалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында және мектеп оқушыларының
денсаулығын бекіту, денесін шынықтыру, күш жинауы үшін Қамбаш сауықтыру
орталығы І ауысымдық жұмысын бастап кетті, деп жазады «Сейхун инфо»
интернет басылымы.
    Қазіргі таңда І ауысымға аудан мектептерінен 140 бала қамтылған.
Ауысым ұзақтығы 10 күн. Орталықта бекітілген ас мәзірі бойынша уақытылы 5
мезгіл дәруменді тамақ беріледі.
    Лагерь бағдарламасы балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып топтарға бөліп, тәрбиешілер мен ұлағат
ұландары балалармен белсенді жұмыс атқаруда. «Қамбаш» сауықтыру орталығы
жаз уақытында балалардың демалысын қамтумен қатар «Happy English»,
«Золотой ключ», «Спортпен достас», «Бассейінде жүзу» үйірмесі, «Pover
Point», «Алтын сөз», «Дизайн», «Жас пікір сайысшылар клубы», «Шұғыла» би
үйірмелерімен жұмыс жасауда. Әр сынып оқушылары жаз бойы өздерінің
қалаған үйірмелеріне барып, өз уақыттарын тиімді, әрі қызықты өткізуге
жағдай жасалған.
    Сондай-ақ, «Қамбаш» сауықтыру орталығы өлкеміздегі мәдени, тарихи
орталықтар саналатын «Байқоңыр ғарыш айлағына», «Қорқыт Ата» тарихи
ескерткіші секілді өзге де тарихи орындарға саяхаттауды жоспарлы жүзеге
асыруда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз