«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Таразда өнер көрсетті

45

0

«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Таразда өнер көрсеттіТараз қаласында республикалық
«Қаратау сарыны» дәстүрлі музыка фестивалі өтті. Қазақ өнерін асқақтатқан
шараға Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі және
дәстүрлі орындаушы Күнсұлу Түрікпенова қатысты.

Аталмыш фестиваль Тәуелсіз мемлекетіміздің
саяси-рухани келбетін айшықты өрнектейтін ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін
дамыту жолында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» атты Жолдауына үн қосып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыру, Қазақ
хандығының 550 жылдығы және Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан халқы
Ассамблеясы жылы мерекелеріне орай ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің негізгі
мақсаты: ұлтымыздың музыка өнерін халыққа кеңінен насихаттап, асыл мұраны
дәріптеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру, жас ұрпақтың ата мұраға деген
құрметін арттыру, дәстүрлі музыкамызды шебер орындайтын жас орындаушыларды
айқындап, өнер әлеміне жаңа есімдер ашып халыққа таныту, дәстүрлі музыка арқылы
халықтар достастығын жандандырып, басқа да облыс өнерпаздарымен шығармашылық
байланыс орнату болып табылады.

Фестивальдің ашылу салтанаты мен
«Дәстүрлі күй мерекесінде» Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт-аспаптар
оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, Қызылорда облыстық филармониясының
«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі және дәстүрлі орындаушы Күнсұлу Түрікпенова өнер
көрсетті. Сондай-ақ күй мерекесіне Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік Академиялық
фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижеры ҚР еңбек сіңірген
әртісі, Құрметті профессор Жалғасбек Бегендіков те қатысты. Үшінші рет өткен
қазақтың халық өнерін асқақтататын мерекелік думан дәстүрлі және эстрада
әншілерінің концертімен өз мәресіне жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз