
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада «Өңіріміздегі туризм саласын дамыту мақсатында Қамыстыбас көлінің жағалауында 100 орындық пансионат-профилакторияның эскиздік жобасы жоспарлануда. «Қамыстыбас-Арал демалыс аймағында» қажетті инженерлік инфрақұрылымдар жүргізу мәселелері талқыланып, тиісті бағытта тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда жалпы көлемі 494 гектар құрайтын демалыс аймағында «Саутс Ойл» компаниясы инфрақұрылымдар жүргізу жұмыстарын бастады» делінген.