Ана мен бала орталығында Қырымбек дүниеге келді

73

0

Облыстық Ана мен бала орталығында бүгін алғаш рет ана босанды. Шиелілік Дана есімді азаматша салмағы 3 келі 300 грамм тартатын ұл баланы өмірге алып келді.
Қызылордалық журналист Үйтолған Жарекееваның хабарлауынша, оның ата-анасы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құрметіне Қырымбек деп атауды ұйғарыпты. Қазақта осындай ел мен жұрттың құрметіне ие болған азаматтардай болсын деп жас нәрестеге ырымдап есім қоятын салт бар.
Айта кетелік, Ана мен бала орталығы үстіміздегі жылы пайдалануға берілді. Ана мен баланы қорғауда орталықтың атқаратын жұмысы аз емес. Осылайша орталықта алғаш рет нәресте де өмірге келді.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз