АНА МЕН СӘБИ ӨЛІМІН БОЛДЫРМАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

79

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова салада үстіміздегі жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, негізгі жұмыстар «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бағдарлама аясында 203 іс-шара атқарылып, 28 нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсаты тұр. Жоспардың  басты мақсаты – облыс тұрғындарының  күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа жеткізу. Биылғы жылға межеленген жас 71,91 болса, респуб­ликада 72,2 жас.

Саланың басты тетігі – кадр мәселесі. Өткен жылы кадр әлеуетін арттыру үшін 3 жылдық перспективті жоспары бекітілген. Мамандарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін облыс бюджетінен 60 млн теңге бөлінген. Биылғы жылдың жартыжылдығында 34 қажетті мамандар қайта оқытылып,  828 дәрігер, 556 мейірбике біліктілігін арттыруда.

Соңғы екі жыл қатарынан облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау  мақсатында облыс әкімінің гранты бөлініп келеді. Былтыр 11 резидент, биыл 20 үміткер аталған грантқа ие болды.

Мамандар мәселесінің шешілуі нәтижесінде, емханадағы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2200-ден 1800-ге дейін төмендетілді. 2019 жылға 1500-ге дейін кезең-кезеңімен азайту жоспарлануда.  Осыған орай, жыл басынан 33 жалпы дәрігерлік аймақ жаңадан  ашылды. 

Аймақта биыл ана өлімі тіркелмесе, сәби өлімі көрсеткіші 53,5% төмендеген. Жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,7% төмендеп, 1000 адамға шаққанда 2,6 пайызы құрайды.

– Ағымдағы жылдың 6 айында алғаш рет өңірде кеуде клеткасының деформациясына, жұлын-ми жарығы, жайылған перитонитке, бас сүйегі дефектісіне, гидроцефалиямен туылған 21 нәрестеге ота жасалынды,- деді Ақмарал Әлназарова.  

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз