Аналар кеңесі Жолдауды талқылады

61

0

Аналар кеңесі Жолдауды талқыладыБүгін Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активі мен Аналар кеңесі Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылап, насихаттауға арналған отырысын өткізді. Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ директоры У.Ибраев жүргізді.
– Үндеуде ұсынылып отырған саяси өзгерістер болашағымызды тұғырлы, елдігімізді берік ететіні сөзсіз. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығының көрінісі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастыруда кездескен қиындықтарды еңсеру үшін қажет болды. Осының нәтижесінде қазігі таңда көп жетістіктерге қол жеткізілді, – деді ол.
Жиынға қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттары туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен стратегиялық құжаттың негізгі басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының азық-түлік тауарларын экспорттауды ұлғайту, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы мен жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, үлкен қалалар мен оларға жақын орналасқан елді мекендер арасындағы көлік қатынасын, мемлекеттік жеке серіктестікті, білім сапасын жақсартып, үштілділікті дамыту, адами капитал сапасын жақсарту секілді мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Шынар БЕКБАН.Аналар кеңесі Жолдауды талқылады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз