
Салтанатты шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып, ақжолтай тілегін білдірді.
Ол өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы отбасын қоғам құндылықтарын сақтаудың маңызды институты ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті. Ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері отбасында қалыптасады.
«Осы орайда ерекше қажеттілікті керек ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған Сіздерге облыстық партия филиалы атынан шынайы алғысымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен саулық, балаларыңызға жарқын болашақ тілеймін»-деді Ибадулла Дүйсенбайұлы.
Іс-шара барысында Жұмакүл Алпамысова, Аида Ақбаева секілді көпбалалы аналар сөз алып, «Нұр Отан» партиясы тарапынан мүмкіндігі шектеулі балғындар үшін жасалып отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!