Қанат Исламның жекпе-жекте киетін спорттық киімі белгіленді

61

0

Қанат Исламның жекпе-жекте киетін спорттық киімі белгілендіБірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам (23-0, 19 КО) келесі жекпе-жегіне киіп шығатын спорттық киімі белгілі болды, деп жазады Baq.kz.
Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында: «Қанат «QAZAQ» Исламның жəне командасының 26 мамырда рингке киіп шығатын киімі. Киім ақ жəне көк түсті. Қазақы оюмен өрнектелген. АҚШ-тағы бокс кешінің Бас серіктесі Алматы қаласы əкімдігі. Əкімдік 2016 жылы Алматы аренадағы жарыстың өтуіне жағдай жасаған еді.
Біз де өз тарапымыздан бүгінде һəм келешекте Алматыны барынша жарнамалап, туристер мен инвесторлардың көптеп келуіне ықпал еткіміз келеді. Сондай-ақ бокс кешінің демеушілері «Zhersu» корпорациясының басшысы, меценат Бауыржан Оспанов жəне «Nuray construction» құрлыс компаниясының басшысы, спорт жанашыры Алтай Айнабек мырзалар», – деп жазды.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатында өткізеді. Оның қарсыласы «Әзәзіл» атымен танымал мексикалық Норберто Гонсалес. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңіліс тапқан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз