«Ақниет» – ауылда

65

0

«Ақниет» - ауылда«Ақниет»
бағдарламасы екі жылдан бері Қызылорда облысында жүзеге асып келеді. «ЛУКОЙЛ
Оверсиз Сервис Б.В.»  мұнай компаниясы  Қызылорда облысының Сырдария,  Жалағаш, 
Қармақшы ауданының ауыл тұрғындарына кәсіп ашу үшін 1 миллион теңгеге
дейін грант беру арқылы кәсіпкерлікті дамыту, экология, инновация саласындағы
жобаларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында қолға алынған бағдарлама.

«2013 жылы 80 кәсіпкер 35,0 млн. тенге жеңіп алған
болатын. Қазіргі таңда олардың дені халыққа шаштараз,  наубайхана, балабақша, тігін цехы секілді
қажетті қызмет түрлерін көрсетуде. Биыл «Ақниет» бағдарламасының 6 номинациясы
бойынша 97 кәсіпкер 46,1 млн. тенге алды. Бұл ауыл тұрғындарын қолдау үшін
жасалған бастама», – деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті
жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз