
«Ақниет» бағдарламасы аясында бөлген қайтарымсыз несиені алу үшін компания өкілдігіне бизнес-жоспарын өткізген Иіркөл ауылының тұрғыны Г.Төреханова грант иегері атанып, қазіргі уақытта үйінен тігін шеберханасын ашып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Өзінің кәсібіне қажетті құрал саймандар мен тауарларды алып, қазақтың қолөнеріне деген қызығушылығының арқасында ауыл халқының түрлі тапсырыстарын орындап келеді.