«Ақниеттен» 97 адам грант алды

42

0

«Ақниеттен» 97 адам грант алды Бүгін, 11 шілдеде Қызылорда қаласында «Ақниет» қоғамдық серіктестігі бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылғы конкурс жүлдегерлеріне грант куәліктерін тапсыру және 2013 жылғы грант алған азаматтар жасаған туындылар жобасының көрмесі өтті. 

Марапаттау рәсімінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев,  Астана қаласындағы «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.»  Қазақстан филиалының директоры Андрей Прокофьевич Кириллов, осы бағдарлама жүзеге асырылып жатқан аудандардың әкімдері қатысты. 
 «Ақниет» қоғамдық серіктестігі бағдарламасы қоғамдық-экономикалық мәні бар және ауылдың инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өнеріне қажетті жағдайлар туғызуға, азаматтардың бастамасын жүзеге асыруға, ауыл аймағында жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыс белсенділігін қолдауға бағытталған ең үздік жобаларды анықтауға және қолдауға көзделген.    
Үстіміздегі жылғы «Ақниет» бағдарламасы шегінде жарияланған өтініш конкурсына 6 номинация бойынша 1151 өтініш түсті. Олар «Қоғамдық кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Қамқор», ауыл жастары үшін «Бастама», көпбалалы немесе жағдайы төмен отбасының ата-аналары, жалғызбасты аналар үшін «Игілік» номинациясы бойынша қажетті қаржылар берілді. Жүлдегерлер саны 97 адамды құрайды. Олар жақын арада «ЛУКОЙЛ»компаниясынан тегін гранттарды алады. 
Жобаларды жүзеге асыру  нәтижесінде Қызылорда облысында 9 шаштараз, 12 тігін цехы, 5 наубайхана, 4 дәріхана, 4 фотосалон, 5 жиһаз цехы, 4 ТҚКО, 4 жаттықтыру залы, 3 балалар ойын-сауық алаңы, ағылшын оқу орталығы, компьютер орталығы, стоматология кабинеттері, балабақшалар және өзге де халыққа қажетті орындар ашылатын болды. Іс-шара қатысушылар 2013 жылғы «Ақниет» бағдарламасы шегінде жүзеге асырылған жобалармен де танысты. «Ақниет» бағдарламасы шегінде жобалардың жүзеге асырылуы Қызылорда облысының Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарында кіші бизнес өндірісін ашуға және дамытуға көмектеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз