Ақнұр Астанада емделсем дейді…

45

0

Ақнұр Астанада емделсем дейді...Жаңақорған. Құттықожалық қайсар қызымыз Ақнұр Сматова бірінші топ мүгедегі болғанмен, өзінің жігерлілігімен көзге түсіп келеді. Кальций жетіспеушілігіне байланысты аяғынан тік тұра алмай, қол арбаға таңылғанына ұзақ жылдар өтті. Аяғына салмақ салса болғаны шытырлап сына береді. 
Бірақ, Ақнұрдың бойындағы өмірге деген құштарлығы, жалынды жігері, қайсарлық рухы кім-кімді де болмасын таңқалдырмай қоймайды. Қиындыққа төзіп, өмір атты ағысқа өршелене құлаш ұрып күресіп келе жатқанына жиырма бес жылға жуықтады. Алайда, жазмышқа қасқая қараған қайсар қыздың көкірегін тепкілеп, дегбірін алған шумақтар, ырғақтар күндіз де, түнде де маза бермеді. Әуелетіп ән шырқау Ақнұрдың өмірге деген құштарлығын оятты. Бар арманы, қайырымдылық шарасы аясында жеке шығармашылық ән кешін өткізіп, одан түскен қаржыға Астанаға барып емделсем дейді. Арманы орындалар сәтте жақындады. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз өнерін ортаға салып әуелетіп ән шырқайтын күнде белгіленді. Сәуір айының 25-сі күні «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығына атымтай жомарт ағаларымызбен қамқор замандастарын шақырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз