Антарктидадан триллион тонналық айсберг бөлінді

47

0

Антарктидадан бір триллион тонна болатын айсберг бөлінді, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.
Антарктидан әлемдегі ең үлкен айсбергтердің бірі Larsen C мұздығы бөлініп қалды.
BBC-дің дерегі бойынша, бөлінген мұздықтың аумағы алты мың шаршы километр болады екен. Бұл табиғи құбылыс ғалымдар үшін күтпеген жағдай болған жоқ.
Себебі олар ондаған жыл бойы зерттеу жүргізіп, табиғи құбылыстың өзгеріске ұшырау күніне дейін дәл болжапты.
Зерттеушілердің пікірінше, мұздың еруіне жаһандық жылыну процестері әсер еткен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз