АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

66

0

Жақында Мемлекет басшысы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша Елбасы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, оның 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырған еді. Бүгінде бұл ұсыныс көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.
Жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында облыстық онкологиялық орталықта шара өткізілді. Онда қызметкерлер әліпбидің жаңа нұсқасымен танысты. Кездесу барысында сөз алған тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева бұл бастаманың ел келешегі үшін маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім мен мәдениеттегі және халықаралық ақпараттық кеңістіктегі орны жайлы ойымен бөлісті.
Бүгінде әлемдегі ақпараттың басым бөлігі дәл осы латын қарпі арқылы таралады. Демек, заман көшіне ілесіп, өркениетке өз үлесімізді қосу үшін жаңа әліпби қабылдаудың қажеттілігі жоғары. Мұны уақыт талабы десек те болады. Одан бөлек тілдің ішкі заңдылықтарын біріздендіруге де берері мол. Сонымен қатар, жаңа әліпбидің халықтан қолдау тапқаны – латын графикасын көшуді жеңілдетпек.
Шара барысында пікір алмасулар өрбіп, сұрақтарға жауап берілді.
М.ЖАСҰЛАН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз