Ақпараттық топ жасақталды

36

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына «Мемлекеттік билік тараптары арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселесі  жайлы» өз Үндеуін жарияланғаны, қазір оған бүкілхалықтық талдау жүріп жатқаны өздеріңізге белгілі.
Елбасы бастамасына елге белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, түрлі сала көшбасшылары мен зиялы қауым өкілдері пікірін білдіруде. 
Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне қатысты өз пікірін білдірді. 
– Қазіргі уақытта, бүкіл ел саяси жүйені демократияландырудың дәлелі болып табылатын, ел Президентінің мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуін үлкен қызығушылықпен талқылауда. Бұл реформа халық үшін үлкен маңызға ие, сондай-ақ, мемлекет тарихындағы демократиялық қадам болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізге Президенттің тұрақты әрі мықты билігі қажет болды. Қазір әлемдік өзгерістер көшінен қалмай, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін саяси жүйені жаңарту қажеттілігі артты. Елбасы «Қазақстан демократиялану жолында» деді. Көптеген ел ертеңін бағдарлай алмай отырғанда, Қазақстан дамудың сара жолын айқындап алды. Біз толықтай Елбасының бастамасын қолдай отырып, аталған Конституциялық құжаттың іске асуына қарышты қадамдар жасаймыз. Қазіргі таңда жер-жердегі бастауыш партия ұйымдары арқылы халық арасында түсіндірме жұмыстары жасалып жатыр, – деді кездесуде И.Құттықожаев.
Өздеріңізге белгілі,  өкілеттіктерді  қайта бөлу  тиісті  Заңдарға қажетті  өзгерістермен толықтырулар  арқылы іске асады. Бұл орайда жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Және бұл жаңа  өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады», – деп толық сеніммен айтуға болады. 
Елбасының Үндеуін қолдап, оны талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында бір айлық іс-шара жоспары әзірленген. Арнайы  аймақтық,  аумақтық  филиалдар жанынан 12 ақпарттық-насихаттық топ жасақталды. Бүгінгі таңда  жоспарға сәйкес, партияның барлық аумақтық филиалы БПҰ арқылы барлық елді мекендер, еңбек ұжымдарында,  тұрғындардың  барлық  топтарымен кездесіп, талқылау жұмысын жүргізуде. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға «Нұр Отан» партиясының барлық деңгейдегі депутаттық фракциясы мүшелері, партия жақтастары мен белсенділері, жасотандықтар жұмылдырылған.  

Н.САҒАТҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз