Апта ағымында

43

0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай
аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар

3-4 желтоқсан. Т. Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир, Қызылорда қаласы, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, сағат 12:00.
4 желтоқсан. «Тəуелсіз Қазақстан пойызы» республикалық акциясы, Қызылорда қаласы, теміржол вокзалы, сағат 09:00 (бөлек бағдарлама бойынша).
5 желтоқсан. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Халықаралық еріктілер күніне орайластырылған «Ерікті жастардың облыстық слеті», Қызылорда қаласы, «Болашақ» университетінің студенттер сарайы, сағат 16:00.
5 желтоқсан. Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Жолдасбаевтың қатысуымен брифинг, Қызылорда қ., облыс әкімдігінің ғимараты, сағат 15:00.
5 желтоқсан. Күзгі шақырылыммен Отан қорғауға аттанатын азаматтарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі, Қызылорда қаласы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің саптық алаңы, сағат 18:00.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз