Апта маңызды шараларға толы болмақ

51

0

Сейсенбі күні, 4 сәуірде Парламент Сенатында ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК КОМИТЕТІнің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады. 
Мұрат Жұманбайдың мәлімдеуінше, аталған отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды. 
Сондай-ақ, ОКҚ ресми өкілінің ақпараты бойынша, 5 наурызда Парламент Мәжілісінің Пленарлық отырысы өтеді. Аталған отырыста «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жаңа заң жобасы қаралады. 
«Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде әзірленген заң жобасы төлем мөлшерін көтеру бойынша заңнамасына бірқатар түзетулерді қарастырады. Атап айтсақ, жас мөлшері мен қызмет өткерген жылдары бойынша 2017 жылы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру, сондай-ақ, баланың тууына байланысты төлемдер мөлшерін 20 пайызға көтеру бойынша түзетулер қарастырылады»,-деді Мұрат Жұманбай.
Сонымен қатар, депутаттар талқылауындағы бірінші оқылымға электрэнергетиканың мәселелері жөніндегі түзетулер жобасы, сондай-ақ, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты түзетулер жобасы енгізіледі.
Мұрат Жұманбайдың ақпаратынша, 4 сәуірде  Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «Импортты ауылшаруашылық техникасын сатып алу кезінде салық төлемдерінің мәселелері. Қорытындыны талқылау. Заң жобаларды бөлу» тақырыбында тематикалық отырыс өтеді. 
Мұрат Жұманбай 6 сәуірде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы» дөңгелек үстел өтетінін де жеткізді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз