Қаракөл қойы азайып барады

93

0

Қаракөл қойы азайып барадыҚаракөл қойы назардан тыс қалып барады. Оған қызылордалық шопандар алаңдаулы, деп хабарлады 24.kz
Өткен ғасырдың аяғында еліміз бойынша 6 миллиондай асыл тұқымды ұсақ мал болған. Тоқырау жылдары қолдағы түлік басы бірнеше есеге азайды. Қызылордалық шаруалар азын-аулақ қаракөл қойын сақтап қалып, бүгінде санын арттырып отыр. Дегенмен, шопандар қазірде малдың не елтірісін, не жүнін өткізе алмайды.  
«Қазір жүнді ешкім алмайды. Елтірісі де сол сияқты. Бұрын жүн қымбат материал есебінде болатын. Қабылдау пункттері ашылса әрине, қой өзінен өзі көбейеді. Өйткені, малды өсіруге деген ынта жігер өте зор», – дейді Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жақсылық Әлиев. 
Сан жылдар бойы сұрыпталып шыққан етті, құйрықты қойымызға шетелдіктердің қызығушылығы да жоқ емес. Қаракөл елтірісі киім өндірісінде кеңінен пайдаланылады. Бірақ, өз елімізде назардан тыс қалып барады. 
Егер мемлекеттен қолдау болса, мал шаруашылығы мен тігін өнеркәсібін қатар дамытып, кешенді өнеркәсіпті осы өңірде де жандандыруға болар еді, дейді мамандар. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз