Қаракөз Ақдәулетова «Мәдениет майталманы» атанды

183

0

Қаракөз Ақдәулетова «Мәдениет майталманы» атандыҚызылорда облысында әр салада қажырлы қызмет атқарып жүрген үздіктер анықталды. Марапатты аймақ басшысы Қ.Көшербаев табыстады.
Мәдениет майталманы  номинациясымен  Қазанғап атындағы Қызылорда
музыкалық колледжінің оқытушысы  Қаракөз Ақдәулетова марапатталды.
Әнші-ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» Қаракөз
Ақжігітқызы қазақ және шетел композиторларының классикалық әндері мен
романстарын өзіне тән мәнермен орындауымен ерекшеленеді. 1985 жылдан
Қызылорда музыкалық колледжінде «ән салу» мамандығы бойынша шәкірттер
тәрбиелеуде. Сондай-ақ, Сыр бойының жас өнерпаз өрендерін шыңдап, оларды
республикалық, халықаралық деңгейдегі үлкен додаларға қатыстырып,
жүлделі орындарды иеленуіне көп еңбек сіңіріп келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз