Арал қаласынан 3800 тонна қар шығарылды

105

0

Арал қаласынан 3800 тонна қар шығарылдыАрал. Қыс басталғалы бері Аралда полигонға 3800 тонна қар шығарылды. Қыс мезгілінде қаладағы көлік жолдарын күтіп ұстау үшін бюджеттен 2 млн. 750 мың теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.
Биыл қар жылдағыдан көп жауды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арал қаласы көшелерін қардан тазарту мақсатында 1 грейдер, 1 жүк салатын, 1 «Камаз», 3 «ГАЗ-53» секілді арнайы техникалар жұмылдырылды. Қар жауған кезден бастап күнделікті таңертеңгі 6-ға дейін қала көшелеріне 60 тонна құм мен 10 тонна тұз себілді. Аудан орталығын қардан тазартып оны сыртқа тасымалдау жұмыстары тәулік бойына бақылауда.

 

Арал қаласынан 3800 тонна қар шығарылды