Арал ардагерлері Елбасына ризашылықтарын білдірді

71

0

Арал ардагерлері Елбасына ризашылықтарын білдірдіАрал ауданының әкімі Абзал
Мұхимов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйінде болып, Елбасының Жаңа
жылдық құттықтауын жеткізді және сый-құрмет көрсетті, деп хабарлады
аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінде
қатары сиреген майдангерлердің ерлік істері ұмытылмайды. «Сіздердің
ауыр өмір жолдарыңыз ерекше құрметке ие. Біз сіздердің ерен
еңбектеріңіздің арқасында қазір тыныштық пен тату өмір сүрудеміз.
Сіздердің шаңырақтарыңызға бақ-береке, өздеріңізге денсаулық, ұзақ ғұмыр
тілеймін», – деді аудан басшысы.

Соғыс ардагерлері Ж. Жансүгіров, Ө. Айназаров, С.
Әбдірайымов, П. Ибраев, И. Жайназаров, Ө. Аманжолов, А. Өксікбаев, Б.
Тұрсынбаев, Т. Жанасов, М. Жүгінісов өз кезегінде Елбасына
ризашылықтарын жеткізіп, қазақ халқының мерейлі күндері көбеюін тілеп,
баталарын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз